Қоғам • 15 Қаңтар, 2022

Әрбір азаматтың өтініші Президент назарында

252 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте жасаған баяндамасында қоғамдағы маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жаңа үкіметке бірқатар саяси, әлеуметтік және экономикалық,  ұлттық қауіпсіздік  және қорғаныс салалары бойынша  бірқатар нақты мінедеттемелер жүктеді.

Әрбір азаматтың өтініші Президент назарында

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірігіп, азаматтық ұстанымды көрсету керек. Халық шенеуніктерден реформалардан гөрі, нақты әрекетті талап ететін уақыт келді.

Қыркүйек айында «азаматтық қоғаммен және сарапшылармен кең және сындарлы диалогтан» кейін реформаның үлкен жобасы ұсынылатын болады, әзірге трансформацияның бағыттары белгілуде.

Сонымен, үкіметке екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын қабылдау тапсырылды. Жаңа министрлер кабинеті Қазақстанның Даму банкінің жұмысын қайта құрылымдап, оның қаражатын шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттап, кедендік шекарада әсіресе бірінші кезекте Қытаймен арадағы кедендік тәртіпті орнату керек. Қытайдың кеден органдарымен арадағы  статистикада сәйкессіздіктер бар. Тоқаевтың айтуынша, сәйкессіздік миллиардтаған долларға жетеді.

Түрлі бағалаулар бойынша біздің экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесі 60 пайыздан асады. Есесіне елде мемлекеттік-монополиялық капитализм етек алуда. Квазимемлекеттік кәсіпорындар бәсекелестіктің басты жауы. Сонымен қатар, мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлерінен кіріс пен мүлік туралы есеп беруге міндетті емес. Осыған орай, көптеген кәсіпорындар пайда таппаса да, жыл соңында басшылыққа сыйақы төлеу туралы шешімдер тұрақты түрде қабылданады. Елбасы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысының тиімділігі туралы баса айтты. Атап айтқанда, үкіметке қор мен өзге де ұлттық компаниялардың сатып алу тәртібін қайта қарауды тапсырды. Үкімет бір айдың ішінде экономиканың бәсекеге қабілетті секторлары бойынша жобалар пулын дайындап, «Самұрық-Қазынаны» реформалау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Сонымен қатар, біз «Самұрық-Қазына» қорының негізінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көре аламыз. Мен әлеуметтік жауапты бизнес түсінігі көп жағдайда өте субъективті түрде қабылданатынын түсінемін. Өйткені, заңды жауапкершілікке қарағанда, әлеуметтік жауапкершілік қатаң нормаларды білдірмейді. Қоғамды қолдау – бизнесмендердің ерікті міндеті. Басқаша айтқанда, бұл бизнес, тұтынушы және үкімет арасындағы әлеуметтік келісімшарттың бір түрі. Оның мақсаты бүкіл қоғамның игілігіне ықпал ету. «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қорын  «Самұрық-Қазына» ғана емес, еліміздің басқа да ірі компаниялары қаржылай қолдау көрсететін болады.

Қоғамда сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге мәселесі жиі көтеріледі. Осындай көмекке зәру балаларға қаражат жинауға қазақстандықтардың басым бөлігі қатысқан да болар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 13 мыңнан астам адам сирек кездесетін аурулармен ауырады және ерекше қолдау мен емге зәру. Осы орайда айта кету керек,  мұндай науқастардың емі әдетте қымбатқа түседі. Президенттің  «Қазақстан халқына» атты қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырғаны қуанышты жәйт. Осы қордың көмегімен науқас балалардың емін  де қаржыландыру көзделеді. Сонымен қатар, қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелермен айналысатын болады.

Қазақстандықтар көп жылдар бойы «ӨКМ операторы» ЖШС жұмысына шағымданып келеді. Адамдар тіпті ӨКМ операторларына қарсы қоғамдық қозғалыс құрды. Тұрғындардың ойынша, қалдықтарды кәдеге жарату үшін неліктен жеке ұйымға ақша төлеуіміз керек. Бұл олардың ашуын тудырды. Оның үстіне компанияның өкілеттігі тек қана артта түсті. Мысалы, 2016 жылы ӨКМ операторының қызмет құзырына автокөліктерде кіре бастады.  Ал 2019 жылы ауылшаруашылық техникасына ӨКМ қызметін көздейтін бұйрық күшіне енді.

Кейбір адамдардың өзгерістер мен жаңалықтарға қарсы шығатыны анық, сол себепті депутаттық корпусқа ерекше жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік бағдарламалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының тиімді орындалуына бақылауды күшейту керек. Мәслихат депутаттары арқылы алматылықтар мемлекеттік істерді басқаруға белсене араласа алады әрі болып жатқан өзгерістерді бақылай алады. Адамның мүддесін қозғайтын бірде-бір мәселе оның немесе оның сайланған өкілінің қатысуынсыз шешілмеуі керек.

Қорытындылай келе, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек ұйымдастырған мәслихат депутаттық корпусына алғысымды білдіргім келеді. Атап айтқанда: соғыс қимылдары кезінде зардап шеккендерге қан тапсыру, соғыс ардагерлерімен бірге әлеуметтік нысандарды қорғауға жасақтар тартылды. Депутаттар еріктілермен бірге мегаполисіміздегі 10 аурухана  мен мұқтаж азаматтарға 21 тонна көлемінде азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды.

Жаңа Қазақстан – адамның құқықтары мен бостандықтары қорғалатын, өзін және отбасын лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ете алатын еркін ел.

Канкуров Станислав Владимирович

Алматы қалалық мәслихатының хатшысы