14 Наурыз, 2014

Еңбек етуге құқылы

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда өңірінде жұ­мысқа жарамды 3316 мүмкіндігі шек­теулі жан бар. Соның 593-і халықты жұмыспен қамту ор­та­лықтарына «екі қолға бір күрек» сұрап хабарласқан. Өтініш білдіргендердің 172-сі тұрақты жұмысқа орналасса, 208-і қоғамдық жұмыстарға, 43-і кәсіптік оқытуға, 19-ы жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліпті. Ақпаннан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіле бас­тады. Алғашқысы Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында ұйымдастырылды. 48 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді. Он екі мүшесі түгел емес жандардың мамандығы жоқ­тығы да жұмысқа орналасуларына кері әсер етуде. Алдағы уақытта бұл мәселе де басты назарда болады. Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 17 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. «Жол картасы» аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасы мен №11 мектепте құлағы нашар еститін балаларға ин­клю­зивті топ пен сынып ашылатын болады. «Егемен-ақпарат».