«Осы күнге дейін арнайы органдардың қызметкерлері, әскерилермен бірлесіп, қаланы тазарту бойынша лаңкестікке қарсы шаралар жүргізуде.
Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды. Оның ішінде 163-і полиция қызметтік көлігі. Шұғыл түрде мәлімдемелер базасы жиналды. 102 сигналдарға жауап беру қызметі қалпына келтірілді. Шақыртуларға күшейтілген патрульдік жасақтар жіберіледі. Бүгінгі таңда қалада жағдай тұрақты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қалпына келтірілуде», деді Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, қалалық полиция департаментінің басшысы тұрғындарды мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытып, сақтық шараларын сақтауға шақырды.