Аймақтар • 16 Қаңтар, 2022

Бүлікшілер Алматыдағы 493 бейнекамераны істен шығарған

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бүлік кезінде содырлар көшеде бей-берекет оқ атқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бүлікшілер Алматыдағы 493 бейнекамераны істен шығарған

Қанат Таймерденовтың сөзінше, бүлікке қатысушылар қала көшелерінде бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды, дүкен сатушылары мен көлігін беруден бастартқан жүргізушілерді өлтірген.

«Осындай әрекетпен 6 қаңтар күні режиссер Сәкен Битаев өлтірілді. Сол күні кешкі сағат 21.30 шамасында Алматы қаласы әкімдігі жанында әкім Б. Сағынтаевтың картежіне де оқ жаудырылды. Қастандық салдарынан «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды», деді ол.

Сондай-ақ, ол содырлардың әрекеттері алдын ала ұйымдастырылғанын,  алаң маңындағы 493 бейнекамераны істен шығарғанын айтты.