«Шабуылды кәсіби дайындалған, қару-жарақты қолдану мен төбелестің әдістерін барынша жетік меңгерген адамдар жасаған. Осы орайда олар өлтірілгендер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетіп отырған. Мәселен, осы күндері мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалып, белгісіз тұлғалар 41 мүрдені ұрлап әкеткен», деді Қанат Таймерденов.
Оның айтынша шабуылшылар түні бойы қаланы торуылдаған.
«Лаңкестердің тобында снайперлер де болды. Олар полиция департаментіне қарсы тұрған биік ғимараттың шатырына шығып алып оқ атты», деді ол.