Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында әр саладағы өзекті мәселелерді қозғап, еліміз үшін маңызды бірқатар тапсырма берді. Қоғам дамуының өзегі болып саналатын білім саласы да қалыс қалған жоқ. Президент сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт, жоғары білімнің қолжетімділігі көкейкесті мәселе екенін атап өтті.

Әрине, Президент бастамаларын жүзеге асыру аясында жоғары білім беру мекемесі ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің де атқарар міндеті мол. Ең алдымен, сауатты мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды біршама уақыт бұрын бастап кеткенбіз. Қазір университетте оқып жатқан білімгерлердің басым көпшілігі педагогикалық мамандықтарда оқиды. Сондықтан білім беру бағдарламаларын қайта қарап, оның сапасын көтеру, заманауи талаптарға сай ету – негізгі мақсат. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру үшін де жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе халыққа медициналық қолдау көрсетілуде. Университет қарамағындағы клиника-диагностика орталығы бүгінде Түркістан қаласы азаматтарының игілігі үшін қызмет етеді. Оқу орны тарапынан халыққа пайдалы тың жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы. Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен бірлескен жоба аясында университет клиникасы заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылады. Айта кетейік, жоспардың бір бөлігі орындалып, жақында ғана ТИКА біздің емханаға қаржылай көмек көрсетті. Бұл – емделушілерге сапалы қызмет көрсетуді одан әрі дамытады. Сондай-ақ 2022 жылдың маусымына дейін Түркиядан 45 жоғары санатты дәрігердің келуі жоспарланған. Бүгінде дәрігерлердің бір бөлігі келіп, қала тұрғындарын қабылдап, тегін емдеді. Осындай білікті медицина мамандарын даярлау үшін студенттерге шетелдік білім мен тәжірибені таныту ісін қолға алдық. Бүгінде Түркияның жетекші Гази университетімен бірге «Медицина» қос дипломды білім беру бағдарламасы әзірленіп, сараптамадан өтті. Алдағы уақытта «Туризм», «Халықаралық қатынастар» және «Теология» бағыттарын да қамтимыз.
Президент үндеуінде техникалық мамандықтарға баса назар аудару керек екенін айтты. Университет бұл бағытта да нәтижелі істер атқарып келеді. Стратегиялық жоспарымызда инженерия факультетін одан әрі дамытып, білім беру сапасын көтеру міндетін алға қойдық. Өйткені өңірлерде техникалық мамандарды даярлау – кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда, стратегиялық жоспар негізіндегі істер нәтижелі бастау алғанын айта кетелік. Мәселен, инженерия факультетінің базасында Huawei компаниясымен бірлесіп құрылған жаңа форматтағы Huawei ICT Academy зертханасы ашылды. Зертхана ІТ, цифрлық технология және телекоммуникация саласында жоғары білікті маман даярлауға мүмкіндік береді. Болашақта студенттерімізді Huawei компаниясының Қазақстандағы штаб-квартирасы базасында және серіктестер компанияларының филиалдарында тұрақты тағылымдамаларға жіберу жоспарлануда. Бұдан бөлек, университет былтыр Түркияның техникалық бағыты бойынша ең алдыңғы қатарлы Йылдыз техникалық университетімен меморандумға отырды. Ынтымақтастық оқу орнында техникалық, инженерлік мамандықтарды дамытуға жол ашты. Өзара келісім аясында «Ақпараттық технологиялар» және «Электрэнергетика» мамандықтарын қос дипломды білім беру бағдарламасына жеткізу жоспары бар. Сонымен қатар, «Электрэнергетика» бағыты бойынша Қазақстандағы осы саланың үздіктерінің бірі саналатын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен ынтымақтастық құрылып, келісімшарт жасалды. Оның аясында оқу бағдарламаларын көтеру жұмысы жанданады. Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта Халықаралық қазақ-түрік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті және Йылдыз техникалық университеті бірігіп, жаңа оқу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Өңірдегі үлкен кәсіпорындармен серіктестік нәтижесінде техникалық сала мамандарын даярлау моделі дайындалды. Ендігі кезекте, сол модельге сай білім беру бағдарламаларының сапасын көтеру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы әкімдігімен бірге бірнеше жобаны қолға алу жоспарланған. Оның бәрі Мемлекет басшысы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Мәселен, кәсіпкерлік және электронды сауда курстарын ұйымдастыру, тігіншілік, кесте және қолөнер шеберханасын құру, ақпараттық технологиялар (IT) және информатика курсын өткізу сынды жұмыстар күтіп тұр. Сондай-ақ роботтехника кодтау, дәнекерлеу бойынша оқу шеберханаларын, FABLAB оқу зертханасын құру және тағы басқа жобалар жүзеге аспақ. Мұның бәрі өңірде техникалық сала мамандарының қатарын көбейтуге, оларды жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді.
Президент елде шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу қажеттігін айтты. Оның екеуі техникалық бағыттағы университет болмақ. Бұл шешімнің бізге де тигізер пайдасы зор. Әлемге танымал университеттерге қарап бой түзеп, бәсекеге қабілеттігімізді арттыру мүмкіндігі туып отыр. Сондай-ақ университетіміз Түркі әлемі университеттері одағына төрағалық жасағандықтан, түркі дүниесіндегі барша мықты тәжірибені Қазақстанға алып келуге толық мүмкіндігіміз бар. Лаборатория мен кітапхана базасын күшейту жұмыстары да шетте қалмайды. Көпсалалы университет ретінде атқаратын жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Бізді іргелі істер күтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің жаңа кезеңі басталғанын айтты. Бұл жолда еселеп еңбек ету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.
Жанар ТЕМІРБЕКОВА,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры
Түркістан облысы
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар