Кейінгі күндері елордада қан тапсырып, донор болуға ниет білдірген азаматтардың қатары күрт көбейді. Қаңтардың 5-10 күндері аралығында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына 1 500 адам қан тапсыруға келіпті.

Астана эпидемиялық ахуал бойынша «қызыл аймақта» тұрғанына қарамастан, орталыққа келуші ағайынның қатары сиреген жоқ. Әрине, мекемеде санитарлық талаптың, маска тағу режімінің сақталуы қатаң қадағаланып отыр. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Қанды алу және оны дайындау бөлімінің дәрігері Зәуреш Әлменованың айтуынша, қазір донорлық қан тапшылығы жоқ, ауруханаларды қамтамасыз ету үшін донорлық қан толық көлемде бар.
– Біздің орталыққа келіп тұрақты түрде қан тапсырып тұратын донорлар баршылық. Әдетте күніне 120-130 шақты адам қан тапсырады. Бірақ жақында елімізде болған төтенше оқиға кезінде қан тапсыруға ниет білдірген адамдардың қатары едәуір артты. Дәлірек айтсақ, күн сайын 300-ге жуық адам донор болуға келді. Жалпы, 5 қаңтардан бастап 10 қаңтарға дейін 1 500 донор қан тапсыруға келді. Оның ішінде тек 1 213 донор өтті. Енді донор боламын деп келгендердің бәрінің денсаулығы көтере бермейтінін де ескереміз ғой. Қазір 730 литр қан дайындап қойдық. Қандай да оқыс оқиға болса, басқа аймақтарға көмек керек болып жатса, бізде қан және оның компоненттері артығымен қорда тұр. Мұның бәрі – елде болып жатқан жағдайларға бейжай қарамай, қолдан келер көмегін көрсеткісі келген ағайынның арқасы. Бұл азаматтардың барлығына шексіз ризашылығымызды білдіреміз, – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, донор болуға көбінесе ер адамдар, оның ішінде жастар көп келеді екен. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы донор болған азаматтардың 70%-ын ер адамдар құрады.
– Бүгінде қан тапсыруға лек-легімен келіп жатқан азаматтар бұдан кейінгі уақытта да тұрақты келіп тұрса, абзал болар еді. Өйткені қазір алынып жатқан қанның сақтау мерзімі шектеулі. Мысалы, қызыл қан түйіршектерін 42 күнге дейін, ал тромбоциттерді 5-7 күн ғана сақтай аламыз. Сондықтан донорлардың үнемі қан тапсырып тұрғаны – үлкен көмек. Былайғы күнде де жол апаты, басқа да оқыс оқиғалар, босанған әйелдерден қан кету сияқты жағдайлар орын алып жатады. Мұндай шұғыл көмек көрсетуге тура келетін кездерде қажетті мөлшерде қан керек болып қалады, – деді З.Әлменова.
Негізінен донор болған азаматтарға 0,25 АЕК мөлшерінде, яғни 729 теңге төленеді. Сондай-ақ дәрігердің анықтамасымен екі күн жұмысқа бармауына болады. Бірақ көмектесемін деген ниетпен келген жұрттың бәрі бұған қарамастан, қан тапсырып жатыр екен.
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Ұқсас жаңалықтар