Футбол • 17 Қаңтар, 2022

«Лионның» 72 жасар диктаторы қызметінен кетпейтінін мәлімдеді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лион» футбол клубының президенті Жан-Мишель Олас өзі басқаратын команда еуро кубоктардың бірінде топ жармайынша қызметінен кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Лионның» 72 жасар диктаторы қызметінен кетпейтінін мәлімдеді

«Команданың құрылымдық қызметінде көңілге кірбің түсіретін жағдайлар орын алғаны рас. Біздің таңдауымыз да ойдан шыққан жоқ. Жуниньоның клубтың спорттық директоры қызметінен кеткені жүрекке салмақ түсірді. Әйткенмен, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеген біздің ұзақмерзімді жобамыз жалғасын таба береді. «Лион» футбол клубы кәрі құрлықтың клубтық деңгейіндегі қандайда бір додасында топ жармайынша мен қызметтен кетпеймін. Сол бағытта бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз», деді ол Get French Football News-ке берген сұхбатында.  

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда Еуропа лигасына қатысып жатқан француз клубы топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтаған болатын. Әйткенмен, «Лионның» жуық арада жоғары жетістікке жете қоюы екіталай. Соған қарағанда Оляс әлі бірнеше жыл клубтың президенті қызметін атқаратын секілді.