Аймақтар • 17 Қаңтар, 2022

Қарағанды облысында 60-тан астам зейнеткер ревакцина алды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін қайта вакциналау басталды. Америкалық Pfizer препаратының немесе отандық QazVac вакцинасының үшінші, үдеткіш дозасын тіркелген жердегі емханадан алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында 60-тан астам зейнеткер ревакцина алды

«Pfizer препараты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді (жүктіліктің 16-30 аптасы) және баласы екі жасқа толған емізетін аналарды вакциналау үшін қолданылады. Ревакцинация үшін ол медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар үшін қолданылады», – дейді қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының директоры Татьяна Баширова.

Екі тәулік ішінде вакцинация орталығында 60-тан астам зейнеткер үшінші рет вакцина алды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні өңірлерде вакцинациялау үшін «Спутник V», QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін) қолжетімді екенін хабарлайды. Ревакцинация үшін - QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға), сондай-ақ қаңтар айының соңында «Спутник Лайт» вакцинасы.



Соңғы жаңалықтар