Бизнес • 17 Қаңтар, 2022

«Даму» Қоры тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдіктер ұсынды

319 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елдегі ахуалға байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету үшін шаралар легін әзірлегені белгілі.

«Даму» Қоры тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдіктер ұсынды

Бұл шаралар мен оған қол жеткізу механизмі «Төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібінде» көрсетілген. Құжат ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 10.01.2022 жылғы №8 бұйрығымен бекітілді.

Осы құжат бойынша, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» Қоры) ТЖ кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша несиелерін қайта құрылымдауды  оңайлатылған тәртіппен, бір жұмыс күні ішінде мақұлдауға дайын екендігін хабарлайды

«Бизнестің жол картасы-2025» (БЖК-2025) мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қайта құрылымдаулар бір жұмыс күні ішінде, кәсіпкерлердің қаржы-шаруашылық қызметінің талдауынсыз мақұлданады. Көрсетілген уақыт ішінде өтінім қабылданып, қалыптастырылып, қайта құрылымдау шарттары мақұлданады да банктерге хат жіберіледі.

Микро-шағын бизнестің 20 млн теңгеге дейінгі несиелері бойынша (БЖК-2025 бірінші бағыты) құжаттар Қорға несие мерзімі ұзартылған және  ол бойынша кепілдік мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда ғана мақұлдауға жіберіледі.

Сонымен қатар, «Даму» Қоры 2022 жылы микро, шағын және орта бизнесті субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдау шаралары Бағдарламада көзделген құжаттарға қол қою процедуралары біткен соң, қысқа мерзімде толық көлемде жалғасатынын атап өтті. 

2021 жылы Қор несие сомасы 2,175 трлн теңге болатын 57,7 мың жобаны қолдады. Оның ішінде несие сомасы 75,4 млрд теңге болатын 13,4 мың микрокәсіпкерлік жоба да бар:

  -  Несие сомасы 1 598 млрд теңге болатын 32,3 мың жоба субсидияланды, оның ішінде COVID-19 пандемиясы кезінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында кәсіпкерлерді қолдау аясында несие сомасы 421,7 млрд теңге болатын 11 мың жоба субсидияланды;

- несие сомасы 366 млрд теңге болатын 17,3 мың жобаға кепілдік берілді;

- жеңілдікпен қаржыландыру қаражаты есебінен 8,4 мың жоба 211 млрд теңге несие алды.

 Қордың өңірлердегі филиалдарында менеджерлер ЕДБ немесе қаржы ұйымдары несиені мақұлдағанға дейін кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеуде online.damu.kz және egov.kz электрондық порталдар арқылы кешенді түрде қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер өз өтінімдерін egov.kz және online.damu.kz порталдары арқылы online жолдай алады. Сондай-ақ www.damu.kz, www.online.damu.kz сайттарынан online режимде ақпарат алуға немесе 1408 бірыңғай сall-орталығына қоңырау шалуға (тегін) мүмкіндік бар. Өңірлердегі менеджерлермен тікелей байланысуға да болады. Контакттар Қордың сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында бар.