Марк Шагалдың «Сағат» атты картинасы – шебердің ең жұмбақ және көздің жауын алатын туындысының бірі. Кенепте нала мен мұң, елең-алаң сәттер, жалғандық бар, тіпті жоғалған уақыт сезімін сыйлайды.
Картинаның кеңістігін толықтай ағаш сағаттың бейнесі алып жатыр. Композицияда ағаш құрылымына тән қоңыр реңк басым. Қара және қоңыр штрихтар бөлменің ашық сары фонымен матасып, қою түстердің шеруін түзеді. Бұл түсті шешім кенепке алаңдаушылық пен бейдауа көңілдің әуенін береді.
Үздіксіз соққан сағат жүрегі ертең үмітпен оянып, тағы бір таңның әлдиінде тербелуге жол ашады. Сенімге бағынбайтын ойлардың қақпанына түсіп қалмаңыз. Құстың шиқылына қарап, күннің қозғалысын анықтауға болады.
Шығарманың массивтілігі төменгі сол жақ бөлігіндегі жасанды кішкентай терезе арқылы ерекшеленеді. Әйнектің артындағы қара және көк таңбалар сарыға контраст болып тұр. Сәл қисық сызылған терезенің үстінде кішкентай әшекейлері бар сары перде көрінеді. Бұл бөлменің барлық элементі кеңістіктен оқшау, монотонды және уақыттың шарасыздығын бейнелеу үшін бір түсті схемада жазылғандығын меңзеп тұрғандай. Шарасыздықтан ауыр не бар?!
Терезенің жанынан алысқа ойлы көзбен қараған адамның күңгірт көлеңкесі көрінеді. Бұл кескін үлкен алаңдаушылыққа жетелейді. Бұл адам не ойлауы мүмкін?! Ол тұңғиыққа батқан кемедей ой иіріміне батып барады. Құдды көлеңкеден түскен көлеңке іспетті.
Уақыттың бұлжымас ағымын, артта қалған сәттерді еске түсіретін алып сағат тықылдап, жалғыз қалғанын жариялайды. Қарапайым адам қымбат сәттерді жоғалтқан бейбақ секілді бар нәрсені бойына сіңірген тұтас элементтің фонында елеусіз фигурадай көрінеді. Ал сіз не ойлайсыз?!.