Бокс • 18 Қаңтар, 2022

Жәнібек төртінші орында

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өзінің жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандықтар арасынан ең үздік нәтиже Жәнібек Әлімханұлына тиесілі.

Жәнібек төртінші орында

Орта салмақта күш сынасып жүрген Жәні­бек төртінші орынға тұрақтады. Қазіргі кезде барша жанкүйер оның америкалық Деметриус Андрадемен жұдырықтасқанын тағатсыздана күтуде. Егер Әлімханұлы жеңіске жетсе, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып қана қоймай, басқа тұжырымдардың рейтингінде де бірнеше сатыға жоғарылайды. Дәл осы салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов және екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 17-орынды еншілеуде. Қос қандасымыз да әзірге жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Мейірім 15 мәрте рингке көтеріліп, сегіз рет айқын басымдық танытса, Айдос 16 рет жеңіске жетіп, 11 қарсыласын есінен тандырды.

Өзге отандастарымыз WBC рейтингінде мынадай орындарды иеленуде: Жан Косо­буцкий – 19, Данияр Елеусінов пен Садриддин Ахмедов – 20, Әли Ахмедов – 21, Батыр Жүкенбаев – 22, Қамшыбек Қоңқабаев – 32 және Руслан Мәдиев – 39-орын.