14 Наурыз, 2014

Ақтауда экс-депутат 6 жылға сотталды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-AktayМаңғыстау облысындағы Ақтау қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайыржан Аргеновке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Қ. Аргенов жергілікті кәсіпкерлердің біріне жер телімін бөліп беру үшін одан 4 млн. теңге талап еткен. Келісілген ақшаны экс-депутат алу сәтінде құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түседі. Осыған орай, қаржы полициясы «алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны соттың қарауына берген болатын. «Қайыржан Аргеновті кінәлі деп санап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 4-тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Бар мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзету колониясына жеткізілсін»,-деді үкімді оқыған Ақтау қалалық сотының судьясы Марет Ковраева. Айыпкердің қорғаушысы Мұстақим Түлеев болса, бұл үкіммен келіспей отыр. Нақты айтқанда, ол кассациялық және апелляциялық сотқа шағымданбақ. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Астана» телеарнасы. Фото: Piter-piter.ru.