Қоғам • 18 Қаңтар, 2022

Бас прокуратура ауыр қылмыстар бойынша 695 тергеу ісін бастады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты «ауыр» және «аса ауыр» қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратура ауыр қылмыстар бойынша 695 тергеу ісін бастады

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның ішінде 44 - терроризм актілері бойынша, 15 – кісі өлтіру бойынша, 6 іс - насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. Оның 695-ін сот қамаққа алды. Бұл істердің ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынына тағы да назар аударығым келеді», деді Бас прокурордың аға көмекшісі.