Коронавирус • 18 Қаңтар, 2022

Қазақстанда вакцинаның 5 млн доза қоры бар

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакциналау үшін елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда вакцинаның 5 млн доза қоры бар

«Вакциналау үшін елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Вакциналардың шамамен 5 млн доза қоры бар, оның ішінде 2,8 млн доза вакциналауға және 2,2 млн доза ревакциналауға арналған. Сонымен қатар, халықтың неғұрлым осал тобын қорғау үшін ревакциналауға арналған вакциналарды таңдау аясы кеңейтілді. 60 жастан асқан адамдарға қосымша Комирнати (Phizer) вакцинасы ұсынылады», деді Е.Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, ел өңірлері де 23,8 млн астам вакцина дозасымен қамтамасыз етілген.

«Бүгін вакциналаудан өтсеңіз – келешекте жұққан аурудың жеңіл өтуін қамтамасыз етесіз. Ревакциналаудың тиімділігі вакциналау әсерінен де асып түсетіні бұрыннан дәлелденген.

Сонымен қатар, ревакциналау аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен 70%-ға дейін қорғайды. Кешенді вакциналаудан өткен соң ғана біз өлім жағдайларының санын тоқтатып, алдын аламыз», деп түсіндірді Е.Тоғжанов.