Өнер • 18 Қаңтар, 2022

Мәңгілік саяхатшылар

801 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өнер сүйер қауым Жәмилә Тәкенді шығармашылық кеңістікте өз үні, өз бояуы бар, «дәстүрлі кескіндеме» аясында шебер жұмыс істей алатын әрі өнердің осы түріне деген адалдығы анық байқалатын концептуалды заманауи суретші деп бағалайды. Қылқалам иесінің Ә.Қастеев музейінде ашылған «Көру үшін көзімді жұмдым» деп аталған көрмесіне таңдаулы 100 туындысы қойылған.

Мәңгілік саяхатшылар

Үлкен форматтағы кенептер сюжеттік-тақырыптық, коло­рис­тік, идеялық принцип бойын­ша өзара тұтасады. Ұяның, қаң­бақтың, даланың, ағаштың, тас­тың бейнелері өзіндік лейтмотив­ке айналған. Образ қандай болса да, Жәмиланың трактовкасын­да ол ерекше символикалық түсінік­темеге, философиялық оқылымға ие. Домаланған селдір қаңбақтар – уақыт пен кеңістікті еңсере ала­­тын мәңгілік саяхатшылар. Адам образына айналған тастар – өт­кеннің үнсіз бақылаушылары әрі болашақ туралы ойлаушылар. Ұя – қара шаңырақтың нәзік те осал бейнесі, өмірдің басталуы мен жал­ғасуының символы. Шетсіз-шексіз дала – ежелгі тарихтың шынайы әрі ойдан шығарылған сюжеттері ашылатын шексіз ғала­мат кеңістік.

 1

Иә, көрменің «Көру үшін кө­­­зімді жұмдым» деп аталуы те­­­­гін емес. Түрлі жағдайларға бай­­­­ла­нысты суретші шығар­ма­шы­­­лықтың өз өміріндегі баға жет­­пес маңыздылығын нақ па­йым­­­даған бетбұрыс кезеңін бас­­тан өткерді. Ол үшін өмірдің ма­­ңызды оқиғаларын, өз әсер­ле­рін, естеліктерін, рефлексияла­рын па­­йымдау кезінде «ішкі көз­­қарасқа» жүгіну көркемдік өзін өзі анықтаудың маңызды фак­­то­рына айналды. Десе де шығар­машылықтағы 15 жылдық үзіліс оның қылқаламын одан сайын қуат­тандырып, жаңа тынысын аш­­қандай. Бүгінгі таңда ол кере­мет еңбекқорлығын көрсетіп, шы­ғар­машылық әлеуетін ашуға, сөй­тіп үйлесім мен жасампаздық қуа­нышын тауып, шарасыз тоқ­тап қал­ған кезеңнің есесін қайта­ру­­ға ты­рысатын секілді. Көрмеге қо­йыл­ған туындылардың басым бө­лігі соңғы екі жылда кенепке түскен.

11

– Оның картиналарында дра­­малық сюжеттер дейсіз бе, тіп­­ті апокалипсистікке дейінгі көрі­ніс­терге дейін пайда болады. Ав­тор­дың Арал қасіретін тү­сін­ді­руі немесе құрбандыққа бара жат­қан отардың алдағы қай­ғылы шара­сыздық күйі дәл осын­дай трак­товкаға ие. Бірқатар жұмыстар пандемияның жаңа жағдайында салынғанына байланысты ішкі алаңдаушылыққа толы. Түсі – шы­мыр, кейде шамадан тыс, ол өзінің танымал «ав­торлық» палитрасын тапқан. Жарқыраған қызыл түстің екпін­ді реңктері бар күрделі гамма композицияға драмалық ды­быс немесе автордың алдына қой­ған міндеттеріне байланысты сәндік мазмұн береді. Автордың өзі қы­зылды энергияны көп қажет ете­тін түс деп санайды. Қазіргі за­манғы оқылымға ие болған көне таңбалар – жартастағы бейнелер бар коллаж элементтері мен ою-өрнек элементтері енгізілген сәндік кенептері бір төбе. Бірқатар картиналар суретшінің басты ке­йіпкеріне – көптеген функциясы бар әйел адамға – анасына, сүйік­тісіне, жас қызға немесе өмір жо­лының басында тұрған кішкене қыз балаға арналған. Көбінесе нақ­­ты прототиптерге ие болған бұл бейнелер мінсіз әрі мейірбан әйелдің ұжымдық бейнесін жа­сауға бағытталған, – дейді көр­ме жетекшісі, өнертанушы Ека­терина Резникова.

2

Жәмила Тәкен – кескіндеме­нің ко­лористік мүмкіндіктерін іздеу­де, шығармашылық тілдің өзгер­мелілігінде, қазіргі заман­ның өткір әлеуметтік мәселелерін көр­­кемдік құралдармен білдіруге де­ген ұмтылыста көрінетін экс­пери­менттің шебері. Замана запы­ранын дәл басып, бүгінгі күннің оқиғаларына бей-жай қарамауы оның қалам қуатының азаматтық үнін сездіреді.

5

Жәмила Тәкеннің оқиғаға толы өмірбаяны оның жеке ба­сының сан қырын ашады. Автор өмірінің көп бөлігін оқытушылық қызметке арнады. Бүгінгі таңда ол жақында ғана халықаралық мәртебеге ие болып, қызметі соңғы уақытта айтарлықтай жандана бастаған «Таң Шолпан» әйелдер көркемдік қауымдастығының жетекшісі.

 

АЛМАТЫ