Өнер • 19 Қаңтар, 2022

Миллиардтан асқан тыңдарман

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық диджей Imanbek – ТМД бойынша трегі 1 млрд-тан аса тыңдалған тұңғыш музыкант. Ол бұл межеге өткен жылдың қазан айында жеткен. Оның Roses-Imanbek Remix атты әуенін тыңдағандар саны бүгінде әлем бойынша 1,5 миллиардтан асып кетті. Соған орай Imanbek Spotify сервисінің арнайы сыйлығына ие болды.

Миллиардтан асқан тыңдарман

Музыка сервисі диджейді құттықтап, сыйлықты табыстады. «Әртісті осындай ірі жетіс­тікпен және клубқа қосылуымен құт­тық­таймыз. It is for Imanbek!», делінген хабарламада. Осылайша, Imanbek Billions Club-қа қосылды. Ол плейлист бойынша Билли Айлиш, Трэвис Скотт, Адель және басқа әлемдік атақты музыканттармен қатар тұр.

Бұған дейін Spotify-дың дәл осы марапаты канадалық рэпер Дрейк, норвег диджейі Kygo және британ әншісі Дуа Липаға бұйырған еді.

Айта кетейік, аталған ремиксімен әлемдік музыка чарттарында қара үзіп алға шыққан Иманбек Зейкенов ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден, Youtube желісіндегі бейнесабақтардан үйренген. 2019 жылдың жазында Иманбек Saint Jhn атты рэпердің үш жыл бұрын шыққан Roses атты әніне ремикс жазған. Одан соң бірнеше ай өткенде ол поп жұлдызға айналды. Өткен жылы қазақстандық музыканттың Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше