Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022

Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам көз жұмды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам көз жұмды

Оған сәйкес, 17 қаңтар күні Қазақстан аумағында 10 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан қайтыс болғандардың көбі Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 адамнан тіркелген.

Сондай-ақ Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында - бір адамнан көз жұмды.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.



 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше