Әлем • 19 Қаңтар, 2022

Омикроннан кейін жаңа штамдар пайда болуы мүмкін – ДДҰ

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың омикрон штамынан кейін COVID-19-дың жаңа нұсқасы пайда болуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Омикроннан кейін жаңа штамдар пайда болуы мүмкін – ДДҰ

Бұл туралы Риа Новости жазды.

«Бұл пандемия әлі аяқталған жоқ, және бүкіл әлемде омикрон таралуына байланысты жаңа нұсқа пайда болуы мүмкін», деді Гебрейесус.

ДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамдарын бақылау мен бағалау ерекше маңызды екенін айтты.

Гебрейесус омикрон орташа алғанда басқа штамдарға қарағанда жеңіл деген пікір қате екенін айтты. Ол омикрон жұқтырғанда ауруханаға жатқызу және өлім қаупі барын айтты.