Кәсіпқой бокс • 19 Қаңтар, 2022

Альварес кіммен шықса да көп ақша табады – сарапшы

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxing247.com сайтының тілшісі Джефф Сорби екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, Мексика мақтанышы Сауль «Канело» Альварес қатардағы боксшылармен кездессе де қомақты табысқа кенелетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Альварес кіммен шықса да көп ақша табады – сарапшы

«Егер «Канело» бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Илунго Макабумен кездеспесе, екінші орта салмақтағы жорығын жалғастыра беруіне болады. Өзіне тиесілі төрт белбеуді қатардағы қарсыластарға қарсы жекпе-жектерде қорғаса оған ешкім қой демейді. Өйткені оны жеңіл жекпе-жектер күтіп тұр. Табысы да мол болады. Бірақ Джон Райдер, Зак Паркер, Айдос Ербосынұлы, Евгений Шведенко секілді қарсыластармен өтетін шайқастар оған абырой әпермейді», дейді сарапшы.