«Оны криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады. Тінту кезінде қаскүнемнен бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер тәркіленді», деп жазылған Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
Сонымен қатар қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.