Қоғам • 19 Қаңтар, 2022

Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы қалалық соты мәліметніше, Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады.

«19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды», деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.