Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сенсек, олардың барлығы Орал қаласындағы 4 ауруханада көрінеді. Бүгінде қаладағы стационарлар 58 пайызға толған. 6 науқас ауыр халде, жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр.
Жыл басынан бері 2315 адам коронавирус жұқтырды. 5 науқас мерт болды. Індет табылған 77 баланың төртеуі жазылып шықса, қалғаны сауығу үстінде.