Оқиға • 20 Қаңтар, 2022

Алматыда лаңкестердің жерленген орын табылды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған мәліметті Алматы қаласы Полиция департаменті растады, деп жазады Egemen.kz.

Алдымен, әлеуметтік желіде Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған лаңкестер жерленген орынның табылғаны туралы мәлімет тараған еді.

«Бұл мәліметті растаймын. Лаңкестерді құпия жерлеу олардың жеке тұлғасын анықтауды қиындату үшін жасалған», деді ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.