Елордалық мектеп мұғалімдері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан өтуде, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Педагогтер оқушылардың денсаулығын қорғау үшін, сондай-ақ дәстүрлі офлайн форматта оқуға қайта оралу үшін екпе алудың маңыздылығын атап өтті.
Елорданың барлық егу пунктерінде вакцинациямен қатар халықты COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау да жүргізіліп жатыр.
Бірінші кезекте қайта вакцинаны халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандар алады. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, мұғалімдер және созылмалы ауруы бар осал топтардың азаматтары және т.б. бар.
«Біз бүгін әріптестерімізбен – білім басқармасының қызметкерлерімен, мектеп, қосымша білім беру нысандарының, мамандандырылған мектептердің басшыларымен ревакцинациядан өтіп жатырмыз. Біз мұғалімдерді ревакцинациядан өтуге шақырамыз. 17 қаңтардан бастап үшінші тоқсан онлайн режимде басталды, біз педагог ретінде балаларымыздың үйде қамалып, қашықтан экран арқылы білім алғанын қаламаймыз. Онлайн оқыту болған 1,5 жыл ішінде білім беру сапасының төмендегенін байқадық, бұл әсіресе балаларымыздың тәрбиесіне әсер етті. Сондықтан балалар мен ата-аналардың денсаулығын қорғау және жұқтырмау үшін мұғалімдер ревакцинациядан өтеді», деді қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.
Оның айтуынша, мұғалімдер үшін бірінші кезекте ревакцинациядан өту маңызды. Өйткені денсаулықтан бөлек, бұл оқу процесіне де әсер етуі мүмкін. Мысалы, мұғалімде коронавирус анықталатын болса, ол 14 күн бойы үй карантинінде болады, бұл оқу процесіне қосымша күш түсіреді.
«Әріптестерімді, мұғалімдерді, бүкіл қала тұрғындарын ревакцинациядан өтуге шақырамын. Соңғы күндері аурудың қатты күшейіп жатқанын көріп отырмыз. Біз мұғалімдердің ауруды жұқтырмағанын қалаймыз. 24 қаңтарда оқушылардың оффлайн форматта білім алуы үшін мектептер қайта ашылады. Бұл ретте 600-ден астам оқушыға арналған мектептерде офлайн оқыту 1-4 сынып оқушылары үшін ғана басталады, қалған балалар ата-аналарының өтініші бойынша мектепке барады. Бұл ретте жұмыс жүктемесі оқу орнының жобалық қуатының 50%-нан аспауы тиіс. Бүгінде барлық мектеп балаларды қабылдауға дайын», деді Қасымхан Сенғазиев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде және елордада халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны 2021 жылдың 1 ақпанынан басталды. №2 қалалық емхана директорының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Майра Ахметова бүгінгі күні осы кезеңде медициналық мекемеде 51 мыңға жуық азамат вакцинациядан өткенін мәлімдеді.
«Ревакцинация басталды, сонымен қатар Pfizer препаратымен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдерді, сондай-ақ босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді 41 күннен бастап, сол сияқты 60 жастан асқан қарт адамдарды вакцинациялауды жалғастырамыз. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтер, созылмалы аурулары бар адамдар санаты, қарттар қайта вакциналанады. Азаматтар қандай препаратпен ревакцина алатынын таңдай алады. Қытайлық, қазақстандық вакциналар бар, сондай-ақ Спутник Лайтпен қайта вакциналаймыз. Емханамызда қызметкерлердің 90%-дан астамы ревакцинадан өтті. Бұл шара денсаулықты сақтау және вирустан қорғану үшін қажет, сондықтан біз барлығын коронавирусқа қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырамыз», деді Майра Ахметова.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар