Аймақтар • 21 Қаңтар, 2022

Алматыда бүліктен зардап шеккен бизнеске қандай көмек көрсетіледі

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес субъектілеріне қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бүліктен зардап шеккен бизнеске қандай көмек көрсетіледі

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда 1 600 бизнес субъектісіне 67,4 миллиард теңге шығын келген. Оның 95,4%-і – ШОБ нысандары, шығын сомасы – 42,9 миллиард теңге.

Қиқымов әкімдік өз тарапынан бизнеске қосымша қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсететінін атап өтті.

«Біріншіден, зардап шеккен ШОБ субъектілерін 3 айға коммуналдық төлемдерден босатамыз. Шығынды жергілікті бюджет есебінен жабу туралы шешім қабылданды. Екіншіден, ШОБ субъектілері 6 ай мерзімге коммуналдық нысандар бойынша арендадан босатылады. Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы жалға алушылардың тізімін пысықтап, олармен түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл шара тек зардап шеккендерге ғана емес, қаланың коммуналдық нысандарының барлық жалға алушысына қатысты», деді Қиқымов қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үшіншіден, шенеуніктің айтуынша, зардап шеккен бизнеске жеңілдік жасау жөніндегі жеке жалға берушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Halyk Bank Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен микро-бизнес секторының қарыз алушыларына бизнесті қалпына келтіруге 1 миллион теңге өтеусіз грант бөлу туралы шешім қабылдады. Грантты алу үшін шығын мөлшерін растап қажет емес.

Бұдан бөлек, Halyk Bank зардап шеккен клиенттеріне 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемі бойынша кредиттік демалыс береді.

Сондай-ақ, Halyk Bank ЦУМ (орталық әмбебап дүкен), «Мәскеу», «Азия-парк», «Апорт», Promenade, Silk Way, «Мобилка» және Globus сауда орталықтарында істейтін банктің клиенті емес микробизнес өкілдеріне де қолдау көрсетеді. Оларға кәсібін қалпына келтіруге, соның ішінде қажетті жабдық сатып алуға 1 миллион теңге аударылады.

Бұған қоса зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында «Алматы бизнес-2025» қалалық бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.