Бүгін, 15 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер-лигасы командалары арасындағы чемпионат басталды. Қазір біріншіліктің бірінші ойынының нәтижесі белгілі болды. Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Семейдің «Спартагын» қабылдап, 2:1 етіп ұтты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады.
Матч Затобольск қаласындағы стадионда өтті. Қарсыластар ойынның бірінші таймында есеп аша алмады. Ал екінші таймда бұған қонақтар бірінші болып қол жеткізді. Сөйтіп, 67-минутта гол соққан семейлік Максим Азовский биылғы чемпионаттың да алғашқы добының да авторы атанды.
«Тобыл» таразы басын 76-минутта теңестірді. Оны Анатолий Богданов жасады. Арада 4 минут өткенде, Огнен Красич алаң иелерін алға шығарды. Ол командаласы Томаш Шимкевичтің пасын әдемі пайдаланды. Осы есеп ойынның соңына дейін сақталды.
Бүгі сондай-ақ «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз» (Тараз) - «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Қайсар» (Қызылорда) - «Ордабасы» (Шымкент), «Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған), «Қайрат» (Алматы) – «Атырау» (Атырау) өзара кездеседі.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Vesti.kz.
• 15 Наурыз, 2014
Чемпионат басталды. Бірінші матчта «Тобыл» «Спартакты» жеңді

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше