15 Наурыз, 2014

Футбол: «Астана» мен «Жетісу» тең ойнады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-03-14-astana-jetysu-1

Бүгін, 15 наурыз күні басталған футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионатында «Астана-Арена» кешенінде кездескен «Астана» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Матчта қарсыластар бір-бірлерінің қақпалары құлпын аша алмады. Астаналық футболшылар 50-минутта гол соғудың өте қолайлы сәтін жіберіп алды. Бірақ елорда жасағы сапындағы португал футболшысы Сисеру пенальтиді пайдалана алмады. Ал бұған дейінгі екі ойында осындай 11 метрлік белгіленіп, оны ұрушылар тиімді пайдалана білген еді. Бұдан бұрын Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Семейдің «Спартагын» 2:1 етіп ұтса, Павлодарда «Ертіс» Қарағандының «Шахтерін» 1:0  есебімен жеңді. Ал Таразда жергілікті команданы «Ақтөбе» 2:0 етіп тізе бүктірсе, Қызылордада «Қайсар» Шымкенттің «Ордабасы» ұжымынан 1:0 есебімен басым түсті. Бір айта кететін жайт, Vesti.kz сайтының хабарлауынша, «Астана» жасағының жанкүйерлері Асқар мен Динара осы күні үйлену тойларын өткізіп жатқандарына қарамастан, бұл матчқа арнайы келіп қайтуға уақыт тауыпты. Енді турдың бір ғана ойыны қалып тұр. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Vesti.kz.