Спорт • 23 Қаңтар, 2022

Жас конкьишілеріміз әлем кубогінде жүлдеге ілікті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас конкьишілеріміз әлем кубогінде жүлдеге ілікті

Жарыстың кезекті күнінде отандық жас спортшылар ел қоржынына екі медаль салды.

Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. 

Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтық бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.