Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Түркістан облысына «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Спутник Лайт» - Ресейде әзірленген, ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысына «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

Қазір облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бүгінде облыс «сары аймақта» тұр. Өңірде 22 қаңтарда COVID-19 індетінің 135 жағдайы тіркелді.

Өңірге «Спутник Лайт» вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді.

Бұған дейін 90 972 тұрғын ревакцинация алған.

Тәуліктік өсім 0.77%. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 900 орын бар. Мұнда 279 науқас ем қабылдап жатыр.