17 Наурыз, 2014

Шығыста еркін күрестен ел біріншілігі өтті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-ShigisПайдалануға берілгеніне жыл айнала қоймаған Өскемендегі Жекпе-жек сарайы бүгінде түрлі халықаралық, республикалық спорт додаларының орталығына айналып келеді. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. Жуырда ғана Ертістің сол жағалауының көркіне көрік қосып, жарқырап тұрған Жекпе-жек сарайында еркін күрестен ел біріншілігі өтті. 1997-98 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатын тамашалаған шығысқазақстандық жанкүйелердің дауысынан сарайдың кең залында құлақ тұнады. Соңғы жылдары облыс аумағында бой көтеріп жатқан спорттық нысандардың көбеюімен бірге спортқа ынтызар қауым да артып келе жатқанының куәсі болдық. Еліміздің барлық облысынан және Астана, Алматы қалаларынан дүбірлі сынға 362 спортшы қатысты. Сондай-ақ шығыс өңірінен аталған жарыста 36 спортшының бақ сынауы облыстың спорттағы әлеуеті нығайып келе жатқанын байқатты. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бірігіп ұйымдастырған ел чемпионатына әр аймақтардың спорт саласын өркендетуге үлес қосып жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, мемлекеттік және аға жаттықтырушылар мен елімізге белгілі спорт ардагерлері қатысты. Думан Анаш. Өскемен. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Egemen.kz.