Чилиде орын алған күшті жер сілкінісінен кейін 100 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Чилидің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасының директоры Рикардо Торо табиғи апаттан кейін елде цунами туындау қаупі бар екенін жеткізді. Оның айтуы бойынша, қауіпсіздік мақсатында елдің Тынық мұхиты жағалауындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. 6,7 баллды құраған жер сілкінісі Икике портынан солтүстік-батысқа қарай 61 шақырым жерде орын алған.
2010 жылдың ақпан айында Чили мемлекетінде магнитудасы 8,8 баллды құраған алапат жер сілкінісі орын алған болатын. Оның артынан цунами пайда болып, табиғи апат салдарынан 524 адам қаза болған.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Fototelegraf.ru.
• 17 Наурыз, 2014
Чилидегі жер сілкінісінен 100 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді
Чилиде орын алған күшті жер сілкінісінен кейін 100 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Чилидің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасының директоры Рикардо Торо табиғи апаттан кейін елде цунами туындау қаупі бар екенін жеткізді. Оның айтуы бойынша, қауіпсіздік мақсатында елдің Тынық мұхиты жағалауындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. 6,7 баллды құраған жер сілкінісі Икике портынан солтүстік-батысқа қарай 61 шақырым жерде орын алған.
2010 жылдың ақпан айында Чили мемлекетінде магнитудасы 8,8 баллды құраған алапат жер сілкінісі орын алған болатын. Оның артынан цунами пайда болып, табиғи апат салдарынан 524 адам қаза болған.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Fototelegraf.ru.
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше