Негізі Александр Усик келісімшарт бойынша ұлыбританиялық Энтони Джошуамен қарымта кездесу өткізуге тиіс болған. Алайда тараптар қарымта кездесу уақытын кейін шегеруге әзір. Бұған дейін 40 миллион доллар сұрап келген Джошуаның командасы екі мықтыға кедергі келтірмеу үшін енді 20 миллион долларға келісімін беріп отыр. Соған қарағанда аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы анықталатын күн алыс емес секілді.
«Расында жанкүйерлер аса ауыр салмақтағы шын мықты кім екенін білгісі келеді. Сол себепті де Тайсон Фьюри мен Александр Усик шаршы алаңда кездесуі керек. Біз мұндай шайқасқа қуана келісеміз», дейді Тайсон Фьюридің промоутері Фрэнк Уоррен өз пікірін білдіріп.