17 Наурыз, 2014

Қазақстандық тележурналист Владимир Антонов қайтыс болды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-03-14-Antonov-traur-360-vnut

Бүгін, 17 наурыз күні қазақстандық белгілі тележурналист Владимир Антонов қайтыс болды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. «Владимир Владимирович ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды. Оның жасы 77-де еді. Жерлеу ертең Алматыда өтеді», - деп хабарлады оның әріптестері дүйсенбі күні телефонмен. В.Антонов телевидениеге 1958 жылы кинооператор ретінде келді. Сосын 30 жыл Қазақ телевидениесінде жаңалықтар комментаторы болып қызмет етті. Ол «Хабар» телеарнасы ашылғанда бірінші болып шақырылғандар қатарында болды. В.Антонов Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы бүкілхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші рет президент болып сайланған кезде одан ең алғашқы болып сұхбат алған журналист еді. Талантты журналист ресми түрде зейнет демалысына кеткеннен кейін де өзі бүкіл саналы ғұмырын арнаған телевидениеден байланысын үзген жоқ. Оны бұрынғы әріптері «Алты сотық» деген хабарды жүргізуге шақырды. Бұл бағдарламаны ол 11 бойы жүргізіп, танымалылар қатарына қосты. Біз әріптесіміздің отбасына қайғырып, көңіл айтамыз. Руслан Игілік. Дереккөз: Хабар телеарнасы.