23 қаңтардағы соңғы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының жаңадан 29 жағдайы тіркелді. 1 адам қайтыс болды, 46 адам емделіп шықты.
Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 23 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясына шалдықты – 85 568, жазылды – 78 877, қайтыс болды 5 250 адам. Сондай-ақ министрлік мәліметіне сәйкес, коронавирус инфекциясынан елімізде тағы 11 адам қайтыс болды.
Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 24 қаңтарға дейін Қазақстанда коронавирус 1 166 697 адамнан анықталды, жазылды – 1 000 550, қайтыс болды 13 513 науқас.