Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Окаяма университетінің Білім факультеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Абай атындағы ҚазҰПУ Окаяма университетінің Тұрақты даму үшін білім беруді дамыту орталығымен бірлескен жұмысын 2019 жылдан бастаған болатын. Ол тұрақты даму мүддесінде білім беру үшін мұғалімдердің құзыретін әзірлеу жобасы аясында іске асты. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Абай университеті Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд сияқты Азияның тоғыз елінің университеттерінің өкілдері қатысатын «Тұрақты даму үшін білім берудің азиялық орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі бойынша мұғалімдердің білімін ілгерлету» жобасына қатысады.

Институт директоры Күләш Каймулдинованың басшылығымен біздің ғалымдар командасы климаттың өзгеруі мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ білім беруді орта және жоғары деңгейде түзетуге үлес қосуда.

Іс-шара барыснда Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева бұл жобаның маңыздылығына тоқталып, қазір жаһандық климаттың өзгеруі мәселесі бүкіл әлемде белсенді түрде талқыланып жатқандығын атап өтті. Тараптар онлайн режимінде ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл келісімшарт жемісті ынтымақтастыққа жол ашады және студеттермен, оқытушылармен алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді.