
«Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе қалаларында 1466 үй-жайларға шабуыл жасалған. Оның ішінде 71-і мемлекеттік мекемелер. 12-сі әкімшілік ғимараттар мен 27-сі полиция объектілері. Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері. Олар зақым келтіруден бөлек тоналды. Олардың саны - 1595. Сондай-ақ 700 автокөлік зақымданып, жойылды. Оның 500-ден астамы полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдай министрлігі мен өзге органдардың қызметтік көліктері», деді Санжар Әділов.