Семейде Nur Otan партиясы атынан сайланған қалалық мәслихаттың екі депутаты партиядан шығуға өтініш білдірген, деп жазады Egemen.kz.

Дулат Қажмұханбет пен Айдос Қисаменов аталған партияның әрекетсіздігінен көңілі қалғанын айтып, әлеуметтік желіге жазба қалдырған. Артынша тағы 150 азамат Nur Otan партиясынан шығуға өтініш жазған.
Семейде Nur Otan партиясының депутаттары Дулат Қажмұханбет пен Айдос Қисаменов өз еркімен өкілеттіктерін тоқтатты. Өкілдік органнан кету туралы шешім қабылдауға не түрткі болды десек, экс-депутаттар партия басшылығынан қолдау таба алмағандарын айтады.
Nur Otan партиясының ШҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков партиядан шығып кеткен Семейдегі қалалық мәслихаттың екі депутатына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, экс екі депутат өз мекемелеріндегі қызметкерлерді де партиядан шығарып алуды көздеп отыр. Шығып кеткен 150 адамның орнына дәл қазір Nur Otan партиясы қатарына 200 адам өз еркімен кіруге дайын екен.
– Бұл депутаттардың партиялық мансабы кезінде ешқашан өзінің азаматтық ұстанымын білдірмегенін, партияның бірде-бір әлеуметтік маңызды жобасына қатыспағанын, керісінше тек күн сайын өздерінің селқостығын көрсеткенін атап өткім келеді. Саяси партия – бұл ортақ саяси мақсаттар мен ұстанымдар негізінде құрылған азаматтардың ерікті бірлестігі екенін еске саламын. Осылайша, екі азамат өздерінің ажырамас конституциялық құқықтарын екі рет пайдаланды: бірінші рет партияға кіргенде, екіншісі одан шыққан кезде. Оларға айтарымыз, жолдары ашық болсын! Біз ешкімді күшпен ұстамаймыз, – дейді Олег Васильевич.
Келесі айдан бастап Nur Otan жария форматта партия атынан депутаттардың қоғамдық рейтингін қалыптастыру үшін онлайн платформаны іске қоспақ. Бұл рейтинг мәслихаттар депутаттарын халықпен неғұрлым тиімді және тұрақты өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылады.
– Nur Otan бәсекелестік күрес арқылы көшбасшы партия болып табылатынын дәлелдеді. Біздің алдымызда көп жұмыс пен міндеттер тұр. Мұндай азаматтардың шешіміне алаңдауға уақыт жоқ. Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін партиямыз тек нығая түсетініне сенімдімін, – дейді ол.
Сондай-ақ Олег Чугунковтың айтуынша, «партия қатарында болғанды ұнататын, бірақ өзін оның бір бөлігі сезінбейтін» тұлғалардан жүйелі түрде тазарту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар