Елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, инфекциямен күресудің екі жылдық тәжірибесін ескере отырып карантиндік шараларды жеңілдетудің үш тәсілі әзірленді. Бұл білім беру ұйымдарына, карантин мерзіміне және бизнес қызметіне байланысты.

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырған. Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет сырқаттанғандардың тәуліктік тіркелуі 16 мыңнан асты. Бұл «Омикрон» штамының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты. Соған қарамастан карантин талаптары жеңілдетіліп отыр.
– Білім беру ұйымдарында балаларды оқыту форматы қайта қаралды. Оқытудың онлайн форматы білім сапасына және оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптардың әлеуметтенуіне әсер етеді. 1 және 2-тоқсанда мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесі қалыптасты. Осыған байланысты 24 қаңтардан бастап сыйымдылығы 600 оқушыға дейінгі көлемді құрайтын мектептер штаттық форматқа ауысты. Ал оқушы саны 600-ден асатын мектептерде оқытуды ұйымдастыруға сараланған тәсіл қолданылады. Яғни оқушылардың 50 пайызы ғана штаттық форматта оқытылады. Оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинамен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілді: дәрістер – онлайн, қалған сабақтар қолайлы кесте бойынша штаттық режімде өтеді, – деді А.Есмағамбетова.
Сонымен қатар санэпидбақылау органдары тұрақты негізде індетке қарсы шаралардың сақталуына мониторинг жүргізеді. Егер сыныпта КВИ жұқтыру жағдайы анықталса, бүкіл сынып онлайн форматқа ауыстырылады.
Инфекцияның таралу жылдамдығы мен жұқпалылығын ескере отырып, карантин мерзімі, сәйкесінше, Ashyq қосымшасындағы мәртебенің өзгеру мерзімі қайта қаралды. А.Есмағамбетованың айтуынша, жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте ПТР-тесті теріс нәтижені көрсетсе, 7-ші тәулікте карантин аяқталады. ПТР-тестінен өтпеген жағдайда, карантин ПТР-тесті қайта тапсырусыз-ақ 10-шы күні аяқталады.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет бизнес субъектілеріне қойылатын шектеулерді төмендету тәсілдерін әзірледі. Бизнес нысандарында Ashyq жобасын одан әрі енгізу жалғасын табады. «Жасыл» және «көк» мәртебесі бар келушілерге рұқсат етілген нысандар үшін барлық аймақта жұмыс істеу уақытына қатысты шектеулер алынып тасталады. Эпидемиялық тәуекелі жоғары болса да, Ashyq-та «жасыл» мәртебесі бар адамдар той, еске алу шараларын, спорттық іс-шараларды, көрмелер мен форумдарды өткізе алады. Эпидемиялық тәуекел аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар адамдар қонақүйлерге, әуежайларға, темір жол вокзалдарына, автовокзалдарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» бөлімшелеріне, банктерге, қоғамдық тамақтану орындарына, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдарға шектеусіз кіре алады, – деді комитет төрағасы.
Ал «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «жасыл аймақтағы» шектеулер алынып тасталады. Қоғамдық тамақтану орындарының, мәдениет нысандарының, ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық орындарының толымдылығы «сары аймақта» – 70 пайызға дейін, «қызыл аймақта» 60 пайызға дейін ұлғайтылды.
– Бизнестің барлық саласында карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл – оларға берілген мүмкіндік. Тиісінше, бұған үлкен жауапкершілікпен қарау керек, – деді А.Есмағамбетова.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеме артып, коронавирустың салдарынан болатын өлім-жітімнің көбеюі анықталған кезде қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар