Өнер • 26 Қаңтар, 2022

Домбырашылар топ жарды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында «Аспаптық музыка» номинациясын жеңіп алды.

Домбырашылар топ жарды

Онлайн режімдегі бай­қау екі кезеңмен өтті. Қа­зақ домбырашылары бірін­ші кезеңнен сәтті өтіп, автор­лық өңдеуде Никколо Пага­нинидің «Кап­рис №24» туындысын орындады. Ал екінші кезең­де «Игра престолов» телехи­кая­­сының саундтрегін орындап, конкурстық бейнеролик түсірді. Аталымға 36 елдің аспапшылары қатыс­қан. Ең жоғары ұпайды қазақ­стандықтар жеңіп алды.

Музыканттар жүлде орнына ұйымдастырушылар есебінен мамыр айында Ис­панияда өтетін офлайн фес­тивальға жолдама алды, сон­дай-ақ белгілі музыка сарап­шы­ларының шеберлік саба­ғына жеке қатысады.

Домбырашылар Қазақ ұлт­тық өнер академиясында оқып жүргенде танысып, 2017 жылы дуэт құруға бел буған. Олар I’m a Sin­ger байқауында Димаш Құдай­бергенмен бірге өнер көрсет­кеннен кейін танымал бола бастады. Мәдениет және спорт министрлігі Токиодағы Олимпиадада домбырашы­лар­ды Қазақстанның мә­де­ниет амбассадорлары етіп тағайындаған болатын.

Темірлан Олжабай мен Ер­­нат Наурыз бұған дейін «Үз­дік аспаптық дуэт» номина­циясы бойынша Bridge TV жүл­десін жеңіп алған, Golden Time Talent халық­ара­лық фес­тивалінде бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар Испа­нияда өткен Costa Brava Music фестиваліне қатыс­қан.