Экология • 26 Қаңтар, 2022

«ӨКМ операторының» қаржылық шығыны тексеріледі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизация алымы туралы өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«ӨКМ операторының» қаржылық шығыны тексеріледі

«Күні кеше МКК-де «ӨКМ операторын» мемлекет меншігіне беру тіркелді. Барлық есеп толық мемлекетке тапсырылғаны белгілі. Сома қомақты. Екінші деңгейлі банктердің өзінде 220 млрд теңге жатыр. Оның жартысы ұлттық валюта болса, жартысы шетелдік валютада сақталған. Тапсыру заңды түрде аяқталған соң біз аудит жүргіземіз. Әзірге оны кім жүргізіп, қашан басталатынын айта алмаймын. Бірақ «ӨКМ операторының» қызметі мен қаржылық шығыны бойынша тексеру жүргізіледі», деді Брекешев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың ұсталғанын хабарлады.