Туризм • 26 Қаңтар, 2022

Ұлыбританияда туристер үшін карантин жойылады

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания билігі шетелдік туристер үшін елге кіру ережелерін жеңілдетті, деп хабарлайды Egemen.kz,

Ұлыбританияда туристер үшін карантин жойылады

Бұл туралы Көлік министрі Грант Шэппс Twitter-де хабарлады.

Оның мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылдың 11 ақпанынан бастап Англияда мақұлданған препараттармен вакцинацияланған туристер үшін COVID-19 сынақтары мен карантин алынып тасталады.

Ұлыбритания ДДҰ мақұлдаған келесі вакциналарды мойындады: Pfizer/BioNTech Sinopharm Beijing Sinovac, Moderna Janssen AstraZeneca, Sinovac-CoronaVac, Sinopharm Beijing және Covaxin.

Қазақстандық QazVac вакцинасы (сондай-ақ ресейлік «Спутник V») елде мақұлданбаған, сондықтан осы препаратпен вакцинациядан өткен туристер ПТР-тест тапсыруы тиіс.

Вакцинацияланбаған туристер үшін де карантин жойылады. Бұл санаттағы азаматтар Ұлыбританияға ұшар алдында және елде болған екінші күннен кешіктірмей ПТР тест тапсыру қажет.

The Village хабарлағандай, жаңа ережелер Ұлыбританияға туристер ағынын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта елге бару үшін туристер үш сынақтан өтіп, 10 күндік карантинді ұстануы керек.

Англияға сапар шеккендердің барлығы, олардың вакцинация мәртебесіне қарамастан, әлі де «жолаушыларды іздеу формасын» толтыруы керек.

Айта кетсек, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия елдері шектеулердің жеңілдегенін әлі жариялаған жоқ.