Бұл жаңалықты Нидерланды футбол одағының өкілдері баспасөз мәслихатында растады. Осылайша, 26 қаңтардан бастап жанкүйерлер Еуро-2022 топтық кезеңінің шешуші матчтары мен плей-офф ойындарын стадионнан бақылай алады.
«Бұл фантастикалық жаңалық, біз осы уақыт ішінде Үкіметтің шараларды жеңілдетіп, түрлі сценарийлерді қарастыратынына үмітімізді сақтадық. Бұл Еуропа чемпионатын өз көзімен көруге мүмкіндігі бар жанкүйерлер үшін, сондай-ақ барлық командалар, қызметкерлер және осы іс-шарада көп жұмыс істегендер үшін керемет жаңалық», деді Еуро-2022 директоры Гэйс Де Йонг.
Осылайша, қазақстандық футзал жанкүйерлері 28 қаңтарда итальяндықтармен өткен ойында өз құрамасын трибунада отырып қолдай алады.
Айта кетсек, Еуро-2022 матчтарына билеттер сатылымы бүгін басталды.