Коронавирус • 26 Қаңтар, 2022

Коронавирус: Алматыда 1430 адам ауруханада жатыр

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 430 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Алматыда 1430 адам ауруханада жатыр


25 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 126 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 212, келіп түскені – 232.

«Инфекциялық стационарларда 1 430 адам бар (төсек-орын саны 3310 ). Оның ішінде 150 бала емделіп жатыр», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 90 адам жатыр. Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 509 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 831 науқас.

Симптомсыз 678 науқас бар.