Әлем • 26 Қаңтар, 2022

Уганда ұлттық паркінде піл туристті таптап өлтірді

769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уганданың солтүстік-батысындағы Ұлттық саябақта Сауд Арабиясынан келген туристті піл таптап өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Уганда ұлттық паркінде піл туристті таптап өлтірді

Қайғылы оқиға сейсенбіде Мурчисон сарқырамасында орын алды.

Жергілікті табиғат қорғау органдарының өкілі түсіндіргендей, саябақта болған турист пен оның үш серігіне пілдер шабуыл жасаған.

Алып жануар шабуылдаған кезде марқұм көліктен алыс жерде болып, ашулы пілден қашып кете алмады деп хабарланған.