Коронавирус • 27 Қаңтар, 2022

Коронавирус пен пневмония: тағы 15 адам қайтыс болды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде тағы 15 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Коронавирус пен пневмония: тағы 15 адам қайтыс болды

25 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 106 жағдайы анықталды, қайтыс болды – 2 адам.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 25 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 846 дерегі тіркелді. Қайтыс болды – 5 253 науқас.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 13 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 13 652.

2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 192 211 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 177 адам.