Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Е.НЫСАНБАЕВ. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №398-Ө бұйрығымен бекітілген 1. Жалпы ережелер 1. Осы Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары (бұдан әрі – Талаптар) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Талаптарда келесі анықтамалар қолданылады: 1) балық қорғайтын құрылғы (бұдан әрі – БҚҚ) – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы: 2) су тарту құрылғысы – су объектілерінен су тартуға арналған құрылғылар кешені; 3) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 3. БҚҚ қойылатын басты талаптар: тиімді балық қорғау; суды кепілді (үздіксіз) жіберу; пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (конструкцияның қарапайымдылығы, автоматтық әрекет). 4. Балық шаруашылығы су айдындарында орналасқан су тарту құрылғыларын БҚҚ-сыз құру және пайдалану жіберілмейді. 2. Су бөгеттері үшін балық қорғау құрылғыларын жобалауға қойылатын талаптар 5. БҚҚ жобалау кезінде ҚШжЕ 2.06.07-87 «Тіреуіш қабырғалар, кеме қатынасты шлюздері, балық қорғау және былық жіберу құрылғылары» (бұдан әрі – КШжЕ) талаптары сақталуы қажет. 6. БҚҚ жобалау сондай-ақ ғылыми зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары негізінде орындалады. 3. Бөгеттердегі пайдаланылатын БҚҚ қойылатын талаптар 7. Орнатуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген БҚҚ ғана пайдалануға жіберіледі. Келісімде БҚҚ түрі және оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі. 8. БҚҚ пайдалану ҚШжЕ сәйкес жүргізіледі. 9. БҚҚ жеткіліксіз тиімділігі анықталған кезде пайдаланушы ұйыммен өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген құрылыс жобасы құрастырылады. Құрылысты қайта жобалау ғылыми зерттеулер мен ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады. 10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімінсіз БҚҚ қондырғының бір түрінен екінші түріне рұқсат етілмейді. 11. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. 12. БҚҚ тиімділігі ҚШжЕ сәйкес анықталады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9131 болып енгізілді.