Президент • 27 Қаңтар, 2022

Президент Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құрудағы мақсатын айтты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құрудағы мақсатын айтты

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр.

Президент барлық мемлекеттік органдар өткен оқиғадан сабақ алуға тиіс екенін айтты. Жаңғыртылған ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет.  

«Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылымның өз жұмыстарын өзгертуі керек екенін атап өтті. Бұл ретте, олардың өзара іс-қимылдары барынша теңгерімді болуға тиіс.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің барлық бағытын нығайту жөніндегі нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50