Қоғам • 28 Қаңтар, 2022

Елімізде әлеуметтік төлемдердің көлемі артты

2262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайды. Бұл 347,7 мың адамға пайдасын тигізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде әлеуметтік төлемдердің көлемі артты

«Осылайша, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы қаулысына сәйкес сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (75 130 алушы) және асыраушысынан айырылған жағдайда (52 096 алушы) МӘСҚ-дан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға артты», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлікте атап өткендей, бұл төлемдер ұзақ мерзімді болып табылады, өйткені олар бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше не зейнеткерлік жасқа жеткенше; асыраушысынан айырылған жағдайда – балаларға кәмелеттік жасқа толғанға дейін және күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, алушылар жоғарыда аталған төлемдерді бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды да ала алады.

Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды. Бұл 220 462 азамат үшін жағымды жаңалық болды. 

Еске сала кетсек, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте бұл әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес туылған баланың кезектілігіне қарай белгіленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Ведомствода хабарланғандай, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру МӘСҚ активтері есебінен жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын алуда жұмыс істейтін халықтың мүдделері қорғалмақшы.