Кәсіпқой бокс • 28 Қаңтар, 2022

Хирн Головкин-Альварес трилогиясына қатысты мәлімдеме жасады

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының жетекшісі Эдди Хирн екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Хирн Головкин-Альварес трилогиясына қатысты мәлімдеме жасады

«Эдди Рейносо мен Сауль Альварес келесі жекпе-жекке қатысты жоспарды құрып жатыр. Біз өз кезегімізде пікірімізді айтамыз. Келесі аптада «Канеломен» кездесуге барамын. Сол кезде оның пікірін тыңдап, бірқатар мәселелерді талқылайтын боламыз. «Канело» қай кезде де Эдди Рейносо екеуіне ұнайтын нұсқаны таңдайтынын ылғи айтып келемін. Ол таңдаған нұсқа біздің ойымызбен сәйкес келеді дегенге сенемін. Мен оның Дмитрий Бивол және Геннадий Головкинмен кездескенін қалаймын. Бұл екі жекпе-жек біз үшін қай кезде де қызық», деді ол IFL.TV-ге берген сұхбатында.